Жалпыға бірдей декларациялау: декларацияны қағаз жеткізгіште ұсыну мерзімі аяқталды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың 15 шілдесінде кірістер және мүлік туралы декларацияны қағаз түрінде тапсыру мерзімі аяқталғанын хабарлайды!
Декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсыну қажет болды.
Егер қағаз түрінде тапсырылмаса, 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсыруға болады.
Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде, яғни былтыр, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған тұлғалар 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсына бастаған. Ол азаматтарға мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілгендер, банк және сақтандыру нарығының және бағалы қағаздар нарығының ірі қатысушылары, сондай-ақ аталған тұлғалардың жұбайлары жатады.
[xfvalue_img]
6 пікір