ҚМА төрағасы Д. Малахов,

ҚМА төрағасы Д. Малахов, "Атамекен" ҰКП басшысы Р.Баталов және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қ.Нұров өзара ынтымақтастық туралы келісті

ҚМА Төрағасының "Атамекен" ҰКП өкілдерімен және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен кездесуі өтті, оның барысында 2024 жылға арналған өзара ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды. 

Қаржылы мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов Агенттік адал бизнесті қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда қылмыстық істерді жаппай тіркеу алынып тасталды, оның үлесі 40%-ға төмендеді. Істердің 80%-дан астамы электронды форматта тіркеледі.

"Қылмыстық істер бойынша кәсіпкерлерді шақыру үрдісі бойынша келісу алгоритмі енгізілді. Нәтижесінде кәсіпкерлерді куәгер ретінде шақыру саны 40%-ға төмендеді", - деді Дмитрий Малахов.

Өз кезегінде "Атамекен" ҰКП төрағасы Райымбек Баталов ҚМА-ға бизнесті қорғаудағы ұстанымы үшін алғысын білдірді, өйткені қылмыстық процеске тарту кәсіпкерлер үшін уақыт пен материалдық шығындарға алып келеді.

Р.Баталов экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыссыздандыру және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі ҚМА қызмет бағытын, оның ішінде заң жобасын әзірлеу кезінде Агенттік қолдаған ҰКП ұсыныстары көлеңкелі экономиканың өсуіне ықпал етпей, мемлекет пен бизнес мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров барлық тараптардың ортақ мақсаты кәсіпкерлікті қорғау екенін атап өтті. Ол кездесу барысында таныстырылыған ҚМА жұмысының алгоритмдері көлеңкелі экономикамен күресте маңызды буын болып табылатынын атап өтті.

Дмитрий Малахов ҚМА аумақтық департаменттерінің басшыларына Мемлекет басшысының "Экономиканы либерализациялау жөніндегі шаралар туралы" Жарлығының сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Атап айтқанда, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермеу, шағымдану рәсімі кезінде, сондай-ақ есептелген салық сомаларын толық ерікті түрде өтеу кезінде, мемлекеттік органның немесе соттың шешімі күшіне енгенге дейін қылмыстық істерді тіркеу кезінде тыйым салуды тапсырды.

Кездесу соңында тараптар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және бизнес субъектілерін қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тартудан қорғауға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойды.

Құжат елдегі кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негізді қалыптастыру бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдарды жетілдіруге бағытталған.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.