СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ДМИТРИЙ МАЛАХОВ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ"
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.
Сапар барысында ол өңірдің проблемалық мәселелерімен танысып, өндірістік нысандарды аралады, кәсіпкерлермен, жұртшылықпен кездесті және азаматтарды қабылдады.
14 қазанда Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өткізілді.
Отырыс барысында Төрағаның Бірінші орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет механизмдері мен жаңа тәсілдері туралы айтып берді, - "Агенттік әрбір өңір үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі. Онда процестердің ашықтығына, әкімшілік кедергілердің болуына, заңнаманың жетілмегендігіне байланысты шешімін таппайтын өзекті мәселелердің тізбесі көрсетілген", - деп хабарлады Дмитрий Малахов.
Қостанай облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, қаржы, спорт және бизнесті қолдау салалары енгізілген. Бұл адамдар кездесетін және сыбайлас жемқорлықпен байланысты негізгі мәселелер.
Облыс әкімінің айтуынша, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасында айқындалған мәселелерді шешу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Әкімдік жанындағы комиссиялар шеңберінде және қоғамдық кеңес алаңында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарының сапасы, тарифтерді реттеу, жерді бөлудің ашықтығы, сондай-ақ бизнесті қорғау мәселелері қаралды.
"Бүгінгі таңда барлық айтылған проблемалық мәселелер оң шешімін табуда, жолдардың проблемалық учаскелері бойынша тексерулер жүргізілуде, су сапасын жақсартуға қаражат бөлінуде, орталық мемлекеттік органдарға заңнама нормаларын өзгерту жөнінде тиісті ұсыныстар енгізілді. Барлық мәселелер тұрақты бақылауда", - деп атап өтті өңір басшысы.
Сапар бағдарламасы аясында Дмитрий Малахов жергілікті кәсіпкерлердің мәселелерімен танысып, мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске заңсыз араласудан қорғау шаралары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою тетіктері туралы айтты.
Кездесу барысында ол, - " алдағы 5 жылға арналған тұжырымдамалық шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына енгізілген, ол адал бизнес мәдениетін және оны ынталандыру жөніндегі шараларды қалыптастыруды көздейді, заң бойынша жұмыс істейтін және өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуді қолдайтын компаниялар үшін мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары көзделген, бұл жеңілдіктер мен преференциялар, саладағы шартты жеңілдіктер осындай жағдайларда сатып алу кезінде әрбір кәсіпкер бюджет ақшасымен жұмыс істеген кезде өз бизнесінің толық ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс", – деп атап өтті.
Дмитрий Малаховтың айтуынша, екінші жағынан, сыбайлас жемқорлық схемаларын қолданатын, шенеуніктерге пара беруге жүгінетін компаниялар үшін жауапкершілік шаралары күшейтіледі.
- "Мұндай арам бизнес әділ бәсекелестік қағидаттарын бұзады, ал заң бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер әдейі жеңіліске ұшырайды, мұны қатаң түрде тоқтату керек", - деп қорытындылады ол.
Аймақтың проблемалық мәселелерін зерделеу аясында Дмитрий Малахов Әулиекөл ауданына барып, қыркүйек айында болған өрт орындарын аралап, қоғамдық бақылау тобымен әңгімелесті, өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысын тексерді және Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысымен танысты.
Облысқа сапары аясында азаматтардың проблемаларына ерекше назар аударылып, жергілікті Антикор алаңында қабылдау өткізілді. Дмитрий Малахов өтініштерді мұқият зерделеп, жергілікті басшылыққа жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, қысқа мерзімде тексеру іс-шараларын түсінуді, бастамашылық жасауды, қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша өтініш берушілерге хабарлауды және Агенттікті хабардар етуді тапсырды.
Сонымен қатар, Дмитрий Малахов облыстың азаматтық белсенділерімен өңірдің Қоғамдық кеңесі, Кәсіпкерлер Палатасы, "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігі және басқа қоғам өкілдерімен кездесу өткізді. Әңгіме барысында ол азаматтық қоғам институттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде мемлекеттің сенімді әріптестері болып табылатынын атап өтті.
Соңында ол қоғам белсенділеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асырудағы үлесі мен өзара ынтымақтастығы және көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.
[xfvalue_img]
7 пікір