СҚО полицейлері су басқан аумақтардан көшірілгендерге қолдау көрсетуде
Петропавлдың су басқан аумақтарынан көшірілген адамдар қажетті заттардың барлығымен қамтамасыз етілген эвакуциялық пункттерге жайғастырылды. Алайда, тамақ пен жататын орыннан басқа да қажетті дүниелер бар. Облыстық полицияның психологтары басқа да қызметкерлер сияқты дүние-мүлкінен айырылған адамдарға қолдау көрсету мақсатында, зардап шеккендерге өздерін жайлы сезінулеріне себепші болды. Олар қалалық кәсіпкерлерге эвакуацияланған адамдардың монша түсуіне жағдай жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Психологтардың бастамасын СҚО ПД Әйелдер кеңесі де қолдады. Полицейлердің өтінішіне «Арыстан» және «Политра» моншасы кешенінің иелері қолдау көрсетті. Олар жуыну орны қарастырылмаған оқу орындарында орналастырылған қалалықтардың жуынуларына мүмкіндік берді.
Бұл қайырымдылық акциясы бір апта бойы қаланың оқу орындарында тұрып жатқан адамдардың жүздеріне жылылық сыйлады. Сонымен қатар, моншадан шыққандар тәртіп сақшылары ұйымдастырылған дәмнен ауыз тиді.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]