Сыйлыққа көлік беремін деп Астана тұрғынын алдап кеткен
Алаяқтықтың құрбанына айналған елорда тұрғыны полицияға арыз жазып жүгінген. Тергеу барысында Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікке ілінген 21 және 22 жастағы үш азаматты анықтаған. Интернет-дүкеннің тұтынушылар базасына қол жеткізген олар, өздерін дүкен қызметкері ретінде таныстырып, тұтынушыларға телефон соғу арқлы автокөлік ұтып алғандарын хабарлаған. Бірақ оны алу үшін комиссия ретінде белгілі бір соманы аудару керектігін айтқан.
Сенім білдірген жәбірленуші 420 мың теңгеден астам ақша жіберіп, тосын сыйын күткен. Алайда шын мәнінде олай болмай шыққан. Керісінше ол еш тосын сыйсыз алданғанын аңғарған. Қазіргі уақытта ұсталғандар интернетте 5 эпизотқа қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
Барлық фактілер алаяқтық бойынша тексерілуде. Олардың елордада осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатыстылығы да анықталды.
Астана қалсы Полиция департаменті алаяқтардың құрбанына айналмау үшін азаматтарды қырағы болуға шақырып, ақша жөнелту кезінде жіті тексеріп, өте мұқият болу керектігін ескертеді.
Осындай қылмыстық істің алдын алу мақсатында осы жылдың 19-21 ақпан аралығында Астана қаласында «Алаяқтыққа қарсы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Негізгі мақсат – интернет-алаяқтықпен, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған басқа да құқық бұзушылықтармен күрестің тиімділігін арттыру.
Жедел шара барысында осы санаттағы 34 қылмыс тіркеліп, 9-ы ашылды, бұрын жасалған 30 қылмыс ашылып, 15 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, интернетке мониторинг жүргізу барысында порнографиялық материалдарды тарататын 5 сайт анықталып, бұғатталды.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]