Петропавлда полицейлермен 300-ге жуық тұрғылықты мекне жайы жоқ тұлға қабылдау-тарату орнына жеткізілді
Үй-жайсыздардың тоңып қалуынан өлуіне жол бермеу және криминогендік жағдайды сауықтыруға ықпал ету мақсатында Петропавл қаласы полиция басқармасы қабылдау-тарату қызметкерлері күнделікті жұмыс атқаруда. Қабылдап-тарату орнының іріктеу тобы күн сайын белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың болуы ықтимал орындарына рейдтер жүргізеді.
Топ негізінен түстен кейін жұмыс істейді. Тәртіп сақшылары жылу құбырларын, құдықтарды, базар маңын, шатырлар мен жертөлелер мен басқа да жерлерді тексереді. Үйсіздердің жеке басын анықтау, саусақ таңбаларын алу және фото-бейне есепке алынуы үшін жеткізіледі. Полиция қызметкері әрқайсысын іздеуде жүргендер, хабар-ошарсыз жоғалғандардың немесе қылмыс жасады деп күдіктілердің тізімі бойынша тексеріледі.
"Қатты аяздар кезінде бұл жұмыс аса өзекті. Тұрғылықты жері жоқ адамдарының үсіп қалуын болдырмау үшін қажетті тексерулерден кейін олар түнеу орнына жеткізіледі. Бұдан басқа, қабылдап-тарату орны мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тұрғындардың мазасын алатын тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдары туралы шағымдарға ден қояды. Қабылдап-тарату орнына күн сайын 33-45 жас аралығындағы 20-ға жуық адам жеткізіледі. Әлеуметтік оңалту орталығымен өзара әрекеттесу арқылы тұрғылықты мекен жайы жоқ тұлғалардың әрбірі мамандардың кеңесін алып, қалыпты өмірге оралудың мүмкіндіктері туралы білуге мүмкіндік береді", - дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы қабылдап-тарату орнының бастығы полиция майоры Болат Баймақанов.
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары қаңғыбастарды жеке басын анықтау үшін 284 рет жеткізген. Құжаттары болмаған 23 қаңғыбас сот санкциясымен қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Тұрғылықты мекен жайы жоқ тұлғалар анықталған жағдайда олар туралы полицияға 8 (7152) 52-92-99 қабылдау-тарату орнынаң телефонына немесе «102» арнасына хабарлауға болады.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]