Елордада "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде
Елордалық полиция департаменті қала жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде жүзеге асырады.
Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында 5-29 ақпан аралығында елорда аумағында "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға, сондай-ақ жаяу жүргіншілермен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады. ЖКО орындарынан жасырынған адамдарды анықтау бойынша жекелеген рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. "Қарбалас уақытта" жалпы білім беретін мектептердің жанында ЖҚЕ сақталуын қадағалау қамтамасыз етіледі.
Көліктік бақылаудың аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жүк тасымалдаушылардың ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын мүлтіксіз сақтау жөнінде шаралар қабылданды.
Іс-шара шеңберінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша білім басқармаларының басшыларын, оқу орындарының директорларын, көліктік бақылау өкілдерін шақыра отырып кеңестер ұйымдастырылды.
Жасалған құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру мақсатында заңнамалық ықпал ету шараларын қабылдай отырып, берешегі бар жүргізушілер анықталады.
[xfvalue_img]