Жаңаөзен қаласында Мобильді аударымдар мәселелері бойынша кездесу

Жаңаөзен қаласында Мобильді аударымдар мәселелері бойынша кездесу

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасы Жаңаөзен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен, Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жаңаөзен қалалық филиалымен, екінші деңгейдегі банктердің өкілдерімен бірлесіп Жаңаөзен қаласы, Теңге, Құланды, Қызылсай және Сенек кенттерінің кәсіпкерлерімен «Жалпыға бірдей декларация», «Азаматтардың мобильді аударымдары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Кездесу барысында, МКД Түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасының басшысы Жанаргүл Ракашова қазір кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарлар немесе қызметтері үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алатынын атап өтті. Алайда, бұл аударымдар БКМ және POS-терминалдарды, QR-кодтарды қолданбай жүргізеді.  Тиісінше чектер берілмей тұтынушылардың құқықтары бұзылады. Бұл жағдайда, заңбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бірінші рет ескерту түрінде, қайталанған жағдайда 40 АЕК құрайтын айыппұл салынады.

Ол Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес салық төлеу әрбір азаматтың міндеті екенін еске салды.

Мемлекеттік кіріс органдары заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында тиісті бақылау жүргізеді. Банк ұйымдары 2024 жылдық кезеңі бойынша дара кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді беретін болады. Күнтізбелік үш ай ішінде ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады.

БКМ қолдануды жеңілдету үшін 2022 жылдан бастап БКМ функцияларын екінші деңгейдегі банктердің POS-терминалдарымен біріктіру бойынша пилоттық жоба жүргізілуде. Бұл БКМ мен POS-терминалдың бір чегін беруге мүмкіндік береді. Пилоттық жобаға "Каспий банк" АҚ, "Халық банк" АҚ және "Банкцентркредит"АҚ қатысады.

Сонымен қатар, "Азаматтық бақылау – Чекті талап ет!" акциясы жүргізілуде. БКМ чектерін бермеу фактілері анықталған жағдайда, бұзушылықтарды «Wipon cashback» қосымшасы арқылы тегін хабарлауға болады.

Ж.Ракашова жоғарыда аталған өзгерістер адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне және тек заңсыз кәсіпкерлік қызметтің көлеңкесінен шығуға бағытталғанына назар аударды. Яғни, жеке тұлғалар, бұрынғыдай, өздерінің жеке мақсаттары үшін – туыстарына, достарына, ата-аналары мен балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға арналған аударымдарды жасай алады және қабылдай алатынын атап өтті.

Осылайша, бизнесті заңды жүргізу үшін салық органдары барлық қолайлы жағдайларды жасады, төмен салық ставкалары бар режимдерді қарастырды. 

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

 

 

    

 

   

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.