Есiрткiнi аса iрi мөлшерде сатқаны үшiн ұсталған 28 жастағы Петропавл тұрғыны түрмеде емделедi
Бас бостандығынан айыру орындарында 28 жастағы Петропавл тұрғынына есiрткiге тәуелдiлiктен емделуге тура келедi. Осыған дейін хабарланғандай, сәуір айында жас жігіт Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен ұсталды. Одан жыл басынан бергі ең ірі синтетикалық есірткі партияларының бірі «мефедрон» және α -PvP тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы - 250 грамнан асады. Полицейлер есірткінің осы түрлері үшін аса ірі салмақ тиісінше 1,5 және 1 грамнан басталады деп хабарлайды.
Кейінірек ұсталған адам психотроптық заттарды тарату бойынша интернет-дүкенде жұмыс істей бастағанын, 4 жасырын орын ұйымдастырып үлгергенін мойындады. «Куратордың» бесінші тапсырмасын орындау кезінде оны полиция қызметкерлері ұстады.
Қазіргі уақытта сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланып, топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан басқа, сотталушы есірткіге тәуелді деп танылғандықтан, оған жазаны өтеу орны бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын болады.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаровтың хабарлауынша, жыл басынан бері облыс аумағында есірткі өткізудің 115 фактісі тіркелген, заңсыз айналымнан 740 кг жуық түрлi есiрткi құралдары алынды.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]