Мобильді аударымдар туралы және кәсіпкерлерге жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде нені білуі керек

Мобильді аударымдар туралы және кәсіпкерлерге жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде нені білуі керек

АНЫҚТАМА ҮШІН: Жалпыға бірдей декларациялау дегеніміз не?

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабына сәйкес" Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады:

Бірінші кезең 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталып, жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларын, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар мен олардың жұбайларын, соның ішінде оларға теңестірілген тұлғаларды, сондай-ақ сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, банк қызметі, сақтандыру қызметі және бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген тұлғаларды қамтыды.

Екінші кезең 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталып, мемлекеттік мекемелердің (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және басқа саладағы) қызметкерлері мен олардың жұбайларын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайларын қамтиды.

Үшінші кезең 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларын және олардың жұбайларын, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларын қамтиды. Осы кезеңде декларацияларды ұсыну талабы уақытша тоқтатылған және әрекетсіз кәсіпкерлерге де қолданылады.

Төртінші кезеңде, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап декларация ұсыну міндеті қалған санаттағы азаматтарға қалады. 

2024 жылдан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 1 қаңтардағы жағдай бойынша заңды тұлғаның басшысы, құрылтайшысы, жеке кәсіпкер және олардың жұбайы болып табылатын азаматтар ұсынуға тиіс.

Маңғыстау облысы бойынша МКД өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасы басшысы Мәдина Джаканқызының ақпараты бойынша декларацияны жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың басшылары, оның ішінде директорлар кеңесінің төрағалары, заңды тұлғалардың алқалы басқару органдарының бірінші басшылары, жеке басшылар, тұрғын үй және саяжай кооперативтерінің төрағалары, заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен қатысушылары тапсыруға міндетті. Солардың ішінде декларацияны тапсыруға міндетті емес тұлғалар: филиалдар мен өкілдіктердің басшылары, тұрғын үй және саяжай кооперативтерінің мүшелері және діни бірлестіктердің бастамашы- азаматтары.

"Бұл талаптар әрекетсіз және уақытша тоқтатылған адамдарға да қолданылады. Сондықтан болашақта кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғысы келмейтін кәсіпкерлерге жыл соңына дейін өзінің ЖК-ін жабуды ұсынамыз. Заңды тұлғалар жыл соңына дейін жабылуға үлгермейді, сондықтан олар міндетті түрде декларация тапсыруға мәжбүр болады", − деді М.Жақанқызы.

Ол, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, үлестік қатысу шарттары, инвестициялық алтын, зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері, 34,5 млн теңге (10 мың АЕК) шегіндегі қолма-қол ақша, нотариалды куәландырылған қарыз шарттары, құны 3,4 млн теңгеден асатын мүлік (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар) және т. б. жалпыға бірдей декларациялауға жататынын атап өтті.

Бұл ретте декларацияларда берілген деректердің дұрыстығын мемлекеттік кіріс органдары 2026 жылы ғана тексере алады.

"Салық кодексінде тәуекелдің үш дәрежесін қарастыратын камералдық бақылау бар: төмен, орташа және жоғары. Төмен тәуекел дәрежесі үшін ештеңе болмайды. Орташа дәреже-хабарлама. Жоғары-хабарлама. Хабарлама жеке тұлғаға жіберіледі және сіз оған жауап бересіз. Сіз өзіңізге 10% салық төлейсіз немесе біз қарастырамыз және қорытынды жасаймыз. Не тексеруге шығамыз, не бұзушылықтар жойылғанға дейін жұмыс істейміз", - деп атап өтті басқарма басшысы.

Декларацияны қағаз жеткізгіште және электронды түрде екі жолмен тапсыруға болады.

Қағаз түрінде декларацияны ХҚКО арқылы немесе мемлекеттік кіріс органдарына хабарламасы бар тапсырыс хатты поштамен жолдау арқылы тапсыруға болады. Электрондық түрде: салық төлеушінің кабинеті, eGov порталы, e-salyq azamat және eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.

Сіз декларацияны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тапсыра беруге болады. Бұл ретте, оны ұсыну мерзімі - 2024 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмейді.

Декларациялау жүйесіне бастапқы енгізілген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) ұсыну қажет. Алдағы уақытта тұрғындар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысан) тапсыратын болады.

Сондай-ақ, біздің азаматтар картадан картаға мобильді аударымдарды белсенді пайдаланатынын атап өткен жөн. Сонымен, 2024 жылдан бастап банктер жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары туралы ақпарат береді. Заңға сәйкес, банктер салық органдарына кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес шотқа қатарынан үш ай ішінде әр түрлі жөнелтушілерден айына 100-ден астам аударым алатын жеке тұлғалар туралы деректерді беруге міндетті. Яғни, егер сізге айына 100 мобильді аударым келсе, онда сіздің деректеріңіз Мемлекеттік кірістер органдарында қаралатын болады.

Жалпы, заңға бағынатын салық төлеушілер үшін алаңдаушылық туғызбайды, өйткені жеке тұлғалар арасындағы аударымдарға тыйым салу (мысалы, туыстарына, достарына немесе өмірлік жағдайларға көмектесу) оларға қолданылмайды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.