Декларация тапсыру мерзімі аяқталуда

Декларация тапсыру мерзімі аяқталуда

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын тапсыру мерзімінің аяқталуына небәрі 6 күн қалды деп хабарлайды.

Электронды түрде декларацияны ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсыру қажет.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жалпыға бірдей декларацияны енгізудің бірінші кезеңі басталған болатын. Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу төрт кезеңмен жүргізіледі.

Бірінші кезеңде (2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттемелер (250.00-нысан) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңдарына сәйкес декларация табыс ету міндеті жүктелген тұлғаларда туындады.

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің декларациясын қағаз түрінде ұсыну мерзімі 2021 жылғы 15 шілдеде аяқталған болса, электронды түрде 2021 жылғы 15 қыркүйегінде аяқталады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электронды түрде Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және «eGov mobile» мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға жағдай жасалған.

Активтерді декларациялауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына немесе 1414 нөмірі бойынша, қосымша 3 нөмірін тере отырып, байланыс орталығына хабарласуға болады.

Сондай-ақ, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (kgd.gov.kz) «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде толық ақпаратты алуға болады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бірінші рет уақытылы тапсырылмағаны үшін ескерту жасалады, егер осыдан кейін бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалса – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну үшін де әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер аталған бұзушылық бірінші рет жасалып, салықтардың есептелуіне әкеп соқпаса, онда ескерту жасалады. Ал егер осындай бұзушылық ескерту жасалғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, онда 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив