Үш күн ішінде елордалық полицияға интимдік қызмет көрсеткен 88 қыз жеткізілді
Елордалық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар беретін тұлғаларды, сондай-ақ интимдік қызмет көрсететін тұлғаларды анықтау бойынша жедел-алдын алу шарасын жүргізді.
Осылайша, 3 күндік жедел іс-шаралардың қорытындысы бойынша ішкі істер органдарына 88 жеңіл мінезді қыз жеткізілді. Жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша полицейлермен заңды бұзғаны үшін 81 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Оның ішінде жезөкшелікпен айналысу және жезөкшелікпен айналысу үшін саналы түрде үй-жай бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша 64 іс қозғалды.
Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрғаны үшін 11 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Мас күйінде қоғамдық орындарға жүргені үшін 3 қыз ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін көршілес мемлекеттердің 3 азаматы қабылдау бөліміне орналастырылды.
Сондай-ақ, ақшаға жыныстық қызмет көрсететін 34 жеңіл мінезді бойжеткен ішкі істер департаментінің есебіне қойылып, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]