Жамбыл облысында жыл басынан бері полиция бөліміне 7 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді

Жамбыл облысында жыл басынан бері полиция бөліміне 7 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді

Жамбылдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз жүрудің және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күн сайын профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Тәртіп сақшылары жастардың көп шоғырланатын және ойын-сауық орындарын тексереді, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдердің үйлеріне барады. 

Қазіргі таңда полиция бөлімшелерінде 341 жасөспірім және 336 тұрмысы нашар отбасы, 60 ата-аналық құқығынан айырылған немесе шектелген ата-ана есепте тұрады.

Жыл басынан бері полиция бөліміне  түрлі қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған 6937 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. 

Балаларды тәрбиелеу жөніндегі  міндеттерін  тиісінше орындамағаны үшін 339 ата-ана, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерлерде заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 6 200-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу тақырыбында жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

- Біздің мақсатымыз - балалармен сенімді қарым-қатынас орнату. Ол үшін ата-аналар отбасында балаларына полиция қызметкерінің қиын уақытта әрдайым көмекке келетін досы әрі қорғаушысы екенін түсіндіруі өте маңызды. Себебі, кәмелетке толмаған жасөспірімдер өз құпияларын ата- аналарына қарағанда полиция қызметкерлеріне сеніп айтқан жағдайлар аз емес. Бұл өз кезегінде болуы мүмкін бiрнеше ауыр жағдайлардың алдын алуға көмектесті, - деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев. 

Сонымен қатар, полиция  қызметкерлері кәмелетке толмағандарға түнде болуға тыйым салынған ойын-сауық орындарына тексеріс жүргіздi. Мұндай мекемелердің 199 әкімшісіне заң бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға 2 миллион 928 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. 

Құрметті ата-аналар, балаларыңызбен жиi сөйлесiп, уақытын қалай өткізетініне бақылауды күшейтулерiңiздi, әсіресе түнгі уақыттағы тәртіптері мен қауіпсіздіктеріне назар аударуларыңызды сұраймыз!

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.