Астана қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге жолда абай болуды ескертеді
Ағымдағы жылдың басынан бері елордада жылдамдықты шектен асырғаны үшін 445 465 құқық бұзушылық анықталды.
Жылдамдықты арттыру салдарынан 12 жол-көлік оқиғасы орын алып, 12 адам зардап шекті. Жылдамдықты шектен асырған жүргізуші өзіне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді.
Ауа-райының нашарлауына байланысты жүргізушілерден сақ болуды, белгіленген жылдамдықты сақтауды, тежемеуішті күрт баспауға және қашықтықты сақтауды сұраймыз.
Ерекше сақтық шараларын жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақтауы керек. Өз қауіпсіздігіңіз үшін көшелерді белгіленген жерлерден өту қажет.
Жол қозғалысы ережелеріне немқұрайлы қарау, атап айтқанда, жылдамдықты сақтамау қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Күндізгі жарық азайды - қауіп күшейді. Жаңбырлы ауа-райында көру мүмкіндігі шектеулі.
Жолда абай болыңыз! Жылдамдықты асырмаңыз! Өмірді бағалаңыз!
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір