Антикор Ақтөбе 23 млн теңгеден астам сомаға кәсіпкердің мүддесін қорғады
Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне кәсіпкер мемлекеттік сатып алу шарты бойынша 23,8 млн теңге қаражатын ала алмау бойынша жүгінді.
Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бизнес субъектісінен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қойылған тауарды (құрылыс қоспаларын) қабылдаудан бас тартып, оның сараптамасын талап еткен.
Бұл ретте шарт талаптарында мұндай сараптама көзделмеген және өнім беруші үшін міндетті болып табылмаған.
Департаменттің араласуымен мүдделі органдармен кездесу өткізіліп, ұсынымдар енгізілді. Нәтижесінде тауар қабылданып, төлем жасалынды.
[xfvalue_img]