ШҚО-да коммуналдық кәсіпорын кәсіпкерге 5 млн теңгеден астам сомадағы борыштық міндеттемелерді орындамаған
ШҚО-да құрамына облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы енген бизнесті қорғау жөніндегі жұмыс тобы кәсіпкердің өтінішін қарады. Өз өтінішінде кәсіпкер «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғалары 2022 жылдың қыркүйегінен бастап кәсіпкер алдындағы 5,4 млн теңге сомасындағы мемлекеттік сатып алу шарты бойынша борыштық міндеттемелерін орындамағанын көрсеткен.
Тауарды жеткізуші кәсіпкер шарт бойынша барлық міндеттемелерді толық орындаған, бұл екі тарап қол қойған тауарды қабылдау-беру актісімен расталады.
Антикор, облыстық прокуратура және «Атамекен» ӨКП араласқаннан кейін осы мәселе бойынша жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Нәтижесінде «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорны тауар жеткізуші алдындағы қарызын толық төледі.
[xfvalue_img]
35 пікір