Ата – аналармен кездесу
«2023-2025 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың алдын алу кешенді жоспары» аясында, сондай-ақ «Қауіпсіздік сағаты» қалалық жобасы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Жастар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу», «Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу» және «Отбасы тәрбиесі» тақырыбында ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Астана қаласы, Сарыарқа ауданының №65 мектеп-гимназиясында білім басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы, Сарыарқа ауданы ПБ ЮПБ қызметкерлерінің және ҮЕҰ мүшелерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес тиісті тақырыптар талқыланып, қатысушылар көкейіндегі сұрақтарды қойып, жауаптары берілді.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]