«Касперский зертханасы» онлайн-тренингі Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті оқытушыларының біліктілігін арттырды
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) киберқауіпсіздік туралы практикалық білімді арттыру мақсатында оқытушылар құрамына оқыту өткізді. Оқу орны «Касперский зертханасынан» Kaspersky cybersafety for it Online онлайн-платформасын таңдады.
Онлайн-тренинг практикалық тапсырмалардан тұрады. Бұл зиянды бағдарламалық жасақтама, әлеуетті қалаусыз бағдарламалар мен файлдар, фишингтік ресурстар сияқты қауіптерді тануға мүмкіндік береді. Курс ХАТУ қызметкерлеріне болашақта өз мамандығы бойынша АТ-бағытын таңдайтын студенттерді ұйымдардың киберқорғаныс негіздеріне оқытуға мүмкіндік береді.
«Қазіргі кездегі киберсауаттылық адам қызметінің кез келген саласында маңызды. Киберқауіпсіздікті жақсы ұғынған қызметкерлер компанияны кез келген онлайн қауіптерден сәтті қорғауға көмектеседі. Сондықтан біздің өнім Қазақстанның бизнес-нарығындағы түрлі ойыншылар арасында үлкен сұранысқа ие. Ал оқытудың практикалық бағыты тренинг барысында мамандардың үлкен қызығушылығын тудырады», - дейді Қазақстандағы, Орта Азиядағы және Моңғолиядағы «Касперский Зертханасының» басқарушы директоры Валерий Зубанов.
«Теориялық бөлім өте ауқымды емес, сондықтан тыңдаушыға операциялық жүйелер мен жүйелік реттеулер туралы білім, сондай-ақ жұқтырған объектілерді іздеу ерекшеліктері туралы білім қажет. Тапсырмаларда көптеген кіші тапсырмалар бар, олар өте мұқият ойластырылуы керек. Әрбір модуль өте қызықты және танымдық. Осындай қызықты материал үшін компанияға рахмет!»,- деп ХАТУ «Киберқауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі Сәуле Аманжолова өз әсерлерімен бөлісті.
[xfvalue_img]
1 пікір