«Мен қызымды мақтан тұтамын»: Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің қызы Қытайдағы би турнирінің финалисті атанды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Ерлан Түйебаевтың қызы Айяла Ерланқызы Қытайдағы би турнирінің финалисті атанды.
11 жасар Айяла Ерланқызы 4 жасынан бастап Ақтаулық кәсіби ұстаз Анастасия Свирская жетекшілігімен «Formation» спорттық бал биі үйірмесінде бал биімен айналысады.
Жас биші үшін би - өмірдің мәні, және мақсаттылық пен ұмтылыс жеңіске жетуге көмектеседі.
Айяла Ерланқызы Манши қаласында (Қытай) өткен, Ашық әлем чемпионатында Латын Америкалық «International Latin American dance Open Championships for Youth from Eurasian Countries» би байқауына қатысып, елімізді лайықты таныстырды. Ол турнирдің финалисті атанып, екі номинация бойынша екі рет күміс алды.
Сондай-ақ Ханчжоу қаласында ол «International youth international standard dance championship and and the 8th youth dance exhibition» халықаралық турнирінде өнер көрсетті. Ол өз жас санатында (11-12 жас) төрт іріктеу кезеңінен өтіп, финалда бір екінші және екі алтыншы орындарға ие болды.
Одан әрі Ючжоу қаласында өткен жарысқа қатысып «International Standard Dance (sports dance) international Open», өз өнерін лайықты көрсетті. Өз жас санатында өнер көрсеткен Айяла 1/8 раундтан финалға өтіп, екі рет жеңімпаз атанды.
«Мен қызымды мақтан тұтамын, оған шығармашылық жағынан қолдау көрсетуге тырысамын. Жарқын әсер қалдырған турнирлер аяқталды. Мен барлық жас талантты спортшыларға және шығармашылық жаттықтырушыларға, бал би мектебінің табынушыларына мұнымен тоқтап қалмай, өз шеберліктерін шыңдауды тілеймін және біз осы ең әдемі және эмоционалды өнердің әрі қарай қарқынды дамуының куәсі боламыз деп үміттенеміз – деп бөлісті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері.
Жас Айяла Департамент тарапынан өткізетін іс-шараларға би өнерін көрсетіп, белсенді түрде қатысатынын және әкесінің әріптестерін өз шығармашылығымен қуантып жүргенін атап өтілді.
Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
[xfvalue_img]
1 пікір