Елордалық полицейлер бопсалаумен айналысқандарды анықтады
Астана қаласы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел iздестiру iс-шараларын жүргізу барысында қыздардан интимдік суреттерін жария етпеу үшін ақша бопсалаған топтың ізіне түсті.
Тергеу барысында белгілі болғаны, аталған құқық бұзушылар қыздармен Instagram және Telegram әлеуметтік желілері арқылы танымал ресейлік блогердің атынан фейк аккаунт арқылы танысқан. Ұзақ хат алмасу арқылы олар қыздардың сенімдеріне кіріп, содан кейін интимдік фотосуреттермен алмасуды ұсынған. Сөйтіп компроматты фотосуреттерді қысым жасау құралы ретінде пайдаланып, беделін түсіретін ақпаратты жария етеміз деп қорқытып, ақша талап ете бастаған.
Бұған қоса, сенімге кірген олар белгі қойып, аккаунтты жылжыту және басқа да қызметтерді көрсету үшін «Instagram» әлеуметтік желісіне тіркелуді ұсынған.
Қазіргі уақытта күдікті тұлғаларға қатысты ақпараттық жүйені пайдаланушыларды алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы бопсалау және алаяқтық бойынша 40 факті анықталды. ҚР ҚК-нің 190 және 194 бабтары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.
Астана қаласы ДП Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]