Мұрагер көлік салығы бойынша қарыздарды өтеуі қажет пе?
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталығына (нөмірі 1414, қосымша нөмірі 3) күн сайын азаматтардан қоңыраулар келіп түсетінін, онда салық төлеушілердің сұрақтарына салық салу бойынша толық жауаптар берілетінін хабарлайды. Қазіргі уақытта онкүндіктің ең танымал «Мұрагер көлік салығы бойынша қарыздарды өтеуі қажет пе?».
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ СҰРАҒЫ:
Автокөлікті өз атыма аударайын дегенмін, бұрынғы иесі қайтыс болған болатын. Бұрынғы иесінің көлік салығы бойынша берешектері бар болып шықты. Көлік салығы бойынша қарызы мен өсімпұлды кім және қалай төлеуі керек?
БО ЖАУАБЫ:
Салық берешегін мұрагер (мұрагерлер) мұрагерлік мүліктің құны шегінде және оны алған күнгі мұрадағы үлеске сәйкес төлейді.
Жеке тұлға қайтыс болған күні немесе оны соттың шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған күні пайда болған салық берешегі төленеді. Бұл жағдайда өсімпұлды есептеу жеке тұлғаның қайтыс болған күніне дейін жүргізіледі.
[xfvalue_img]