Жамбылдық полицейлер облыс тұрғынының ауласынан 62 келі қарасора есірткі затын тапты
"Қарасора-2023" жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, кезекті рет құрамында есірткі бар өсімдікті өсіру дерегін анықтады.
Қордай ауылында 51 жастағы азаматтың тұрғылықты жеріндегі үйді тінту барысында бақта өсірілген есірткі бұталары табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған бұталар құрамында есірткі заты бар жалпы салмағы 62 келі 895 грамм болатын "қарасора" өсімдігіне жатады.
- Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі (өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе қарасора, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
[xfvalue_img]