Антикор Ақтөбе бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланумен күресуде
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мемлекеттік сатып алудағы жоспарланған жұмыстарға, қызметтер мен тауарларға мониторинг жүргізу барысында екі электромобильді жоғары бағамен сатып алу фактілерін анықтады (https://www.ktk.kz/ru/news/video/2023/07/19/247544/ ).
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша «Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ электромобильдің бір бірлігін 38,9 млн.теңгеге сатып алуды жоспарлағаны анықталды, ал ұқсас электромобильдердің орташа нарықтық құны шамамен 29 млн. теңгені құрайды. Осыған байланысты, Ақтөбе облысы бойынша әкімдікке ұсынымдар енгізіліп, соның негізінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт нарықтық бағаларға сәйкес келтірілді. Осылайша, 18 млн. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізілді.
Сонымен қатар, Департамент Әйтеке би және Байғанин аудандары мәслихатының аппараттары жоспарлаған біліктілікті арттыру семинарларын ұйымдастыру бойынша қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне талдау жүргізді(https://ratel.kz/raw/rajonnye_deputaty_iz_aktjubinskoj_oblasti_znajut_kak_sovmestit_dlja_sebja_prijatnoe_s_poleznym_za_schet_bjudzheta ).
Талдау барысында бюджеттік жоспарлаудың тиімсіздігі анықталды және аталған мәслихаттарға мемлекеттік сатып алуды іске асыру барысында пайдаланылатын бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау үшін ұсынымдар берілді.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған мекемелер осы қызметтерді сатып алудан бас тартты.
Департаменттің ұсынымдарының нәтижесінде жыл басынан бері 53 мемлекеттік органдар мен ұйымдар мемлекеттік сатып алу жөніндегі жоспарларын қайта қарап, нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің 1,045 миллиард теңгеге үнемделуіне қол жеткізілді.
Антикор мемлекеттік бюджет қаражатын ұтымды жұмсауға бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде іске асырады.
[xfvalue_img]
22 пікір