Таптырмас көмекші
Күн өткен сайын біз онлайн өміріне тереңірек үңіліп келеміз. Тікелей байланыс пен қоңыраулар мессенджерлермен алмастырылады, ал операторлар мен кеңесшілер біртіндеп Робот бағдарламаларына ауысады.
Жасанды интеллект технологиясының дамуымен чатботтар танымал бола бастады. Оларды әртүрлі салаларда қолданысқа енгізе бастады, соның ішінде кедендік және салықтық мәселелер бойынша жұмыс істеу де пайдаланылды. Чатбот күнделікті қайталанатын және жұмыс уақытының едәуір бөлігін алатын, күнделікті тапсырмаларды орындауды оңтайландырады және салық төлеушілерге ыңғайлы болатынын ескеру қажет.
Цифрлық салық-кеден консультанты @Salyqbot туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ербол Тынымбайұлы Өтеев баяндайды:
Халыққа салықтық және кедендік мәселелерді түсіндіру, халықтың хабардарлығын жақсарту және кері байланыста болу үшін, қажет жағдайда жедел көмек көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдан бастап Telegram-да чат-ботты іске қосып, жұмысын бастап кетті.
@Salyqbot-сандық салық кеңесшісі, қазақ және орыс тілдерінде әзірленген жәнеде өте пайдалы функциялары қосылған.
Чат-Ботта Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарына келіп түсетін өтініштер мен шағымдарға әзірленген білім базасы бар, бұл пайдаланушыға оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға лезде жауап алуға мүмкіндік береді.
Пайдаланушы әрқашан жауапқа қанағаттану деңгейін бағалай алады, сонымен қатар сұрақ қоя алады, чатбот операторына тікелей өтініш немесе тілек жаза алады.
Іске қосылған күннен бастап бір жарым жыл ішінде (01.03.2022 ж.) чат-Ботта 93,8 мың белсенді қолданушы тіркелген.
Бұл ретте, бүгінгі күні осы цифрлық өнімде іске асырылған сервистер (салық және кеден заңнамасы мәселелері бойынша ақпарат беру бойынша, салық күнтізбесі, анықтамалықтар, ЖТ көлік салығы бойынша есептеу кулькуляторы, электрондық сервистер, МКК цифрлық өнімдерін қолдану бойынша бейне сабақтар және т. б.), оның ішінде жедел көмек сервистері (шоттарды бұғаттан шығару, жергілікті салықтар мәселелері, жеке тұлғалардың бонкроттығы бойынша), сондай-ақ сауалнамалар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша) 24/7 қашықтық форматында салық төлеушілерге оңайлатылған, қолжетімді ақпарат алуға, кері байланысқа шығуға мүмкіндіктер қарастырылған, сонымен қатар, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына келу арқылы берілетін өтініштер санын қысқартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар, чат-бот-та қосымша қаржылық шығындарсыз пайдаланушыларға біржолғы сипаттағы және таймер бойынша да - салық және кеден міндеттемелерін орындау мерзімі басталғанға дейін 7,15 және 30 күнтізбелік күн бұрын ескертулер/хабарламалар (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жіберуге де мүмкіндіктер қарастырылған.
Сонымен қатар, 24.07.2023 жылдан бастап чат-ботта «Жалпыға бірдей декларациялау» жаңа сервисі іске қосылды.
Ағымдағы жылы чат-ботты дамыту бойынша жұмыс жалғасады, оның шеңберінде салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өздері үшін ыңғайлы онлайн-құрал бойынша көптеген қосымша мүмкіндіктерді үйренеді.
Енді салық міндеттемелерін орындау, деректерді түзету немесе нақтылау үшін азаматтарға салық департаменттерінде үлкен кезек күтудің қажеті жоқ. Көп жағдайда смартфон мен мобильді қосымшасы жеткілікті болады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік қаржы жүйесінің тиімділігін арттыру үшін цифрлық құралдарды пайдалану сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, стратегиялық басымдықтарға сәйкес ресурстарды ұтымды пайдалану, мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылы және сенім деңгейін арттыру сияқты бірқатар оң әсерлерге ие болады деген сенімдеміз.
Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
[xfvalue_img]