Чат-ботта жалпыға бірдей декларациялауға қатысты сұрақтарға жауаптар беріледі
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халыққа жедел көмек көрсету мақсатында Telegram қосымшасында @Salyqbot сілтемесі арқылы жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша түсініктемелер алу үшін жаңа сервис әзірленгенін хабарлайды.
Сондай-ақ SalyqBot көмегімен Сізде:
- салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;
- көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;
- салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;
- өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;
- түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;
- тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;
- банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;
- егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.
@Salyqbotқа тіркеліп, цифрлық салық кеңесшісінің қызметін пайдаланыңыз!
[xfvalue_img]