Комплаенс-офицерлерге жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасы таныстырылды
Маңғыстауда 30-ға жуық мекеменің комплаенс офицері «Бизнесте және квазимемлекеттік секторда комплаенс-қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру» бойынша оқытуға қатысты.
Олар бизнестегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық және ұлттық стандарттар, комплаенс жұмысын диагностикалау және сыртқы мониторинг құралдары, компаниялардағы мүдделер қақтығысын реттеу сияқты бағыттар бойынша сессияларға қатысты.
Айта кетейік, квазимемлекеттік секторда парасаттылықты қамтамасыз етудің негізгі құралы комплаенс офицерлердің тиімді қызметі болып табылады.
Бұдан бөлек, Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасы туралы ақпарат берді.
«Жемқорлыққа қарсы волонтерлік жоба қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу және ағарту, pro bono волонтерлік, корпоративтік еріктілік бағыттары бойынша жұмыс істейді. Pro bono волонтерлік бағытында комплаенс-офицерлерді практикалық оқыту көзделген,» деді Біржан Хайруллин.
Комплаенс офицерлерді оқытуды «Kazakhstan Bar Association» заң кеңесшілерінің палатасы ұйымдастырды.
[xfvalue_img]
25 пікір