Меркі ауданындағы қараусыз қалған ғимараттан қару-жарақ табылды
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Меркі ауданының Ақарал ауылында қараусыз қалған ғимараттардың бірінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орынды анықтады.
"Қарасора-2023" алдын алу шарасы аясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 9 мм калибрлі "Strimmer 1014" маркалы травматикалық тапанша, 5,45 мм калибрлі 2 патрон, 9 мм калибрлі 2 патрон табылып, тәркіленді.
- Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, - деп атап өтті полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
[xfvalue_img]
20 пікір