Прокурорлар кәсіпкерлерді әкімшілік жауаптылыққа тарту кезіндегі бұзушылықтарды анықтады
Бизнесті қорғау бойынша жұмыс шеңберінде прокуратура органдары екі айлық ескіру мерзімінің өтуіне қарамастан, мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 92-1 бабы (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнаманы бұзу) бойынша барлық жерде әкімшілік жаза қолданғанын анықтады.
Мысалы, Ақмола облысының Бұланды ауданында құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 4 айдан кейін ЖШС ӘҚБтК-нің 92-1-бабының 2-бөлігі бойынша жауаптылыққа тартылған. Орта кәсіпкерлік субъектісіне 438 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Прокурорлар барлығы 3,5 мың осындай істі анықтады.
Бүгінге прокурорлардың актілері бойынша 2,5 мыңнан астам айыппұл мен ескерту алынып тасталды.
Заңсыз салынған әкімшілік жазаларды қайта қарау жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі уақытта ӘҚБтК-нің 92-1-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді белгіленген мерзімдер өткеннен кейін қозғау тәжірибесі салық органдарымен тоқтатылды.
Прокуратураның шаралары бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін бірқатар лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір