Жергілікті тұрғынға 2,5 миллион теңге материалдық шығын келтірген
Есіл ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2022 жылы тұрғын үй аумағына кіріп, мүлік ұрлаумен айналысқан 31 жастағы ер адамды анықтады.
Тергеу барысында қаскүнем түнгі уақытта Шұбар көшесінің бойымен келе жатып, үйлердің бірінің құлпысыз тұрғанын байқағаны анықталды. Сөйтіп, ол үй-жайға кіріп, білдіртпестен, үй иесіне тиесілі «iPhone», «Samsung», «Ultra» маркалы 3 ұялы телефонмен алтын бұйымдарды ұрлап, ізін суытқан.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрлыққа қатысы бар адам Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Айғақты заттардан тек алтын бұйымдар тәркіленсе, қалған мүлікті құқық бұзушы өз қалауы бойынша кәдеге жаратқаны белгілі болды.
Астана қаласы ПД қызметкерлері құнды заттар мен табыс кірістері туралы ақпаратты жақын туысы болса да ешкімге айтпауға және білдіртпеуге кеңес береді. Өз кезегінде оларда құнды заттың жоғалуына себепкер болуы мүмкін.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
21 пікір