GOSAGRO.KZ: Субсидияларды төлеу мәселелерін шешу үшін жұмыс тобы Қостанай облысына келді
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов бастаған жұмыс тобы жергілікті фермерлерге субсидия төлеу мәселесін жедел шешу үшін Қостанай облысына келді.
Бұған дейін жүргізілген талдау өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету бөлігінде тиімділіктің төмендігін көрсетті, бұл туралы министрлік әкімдікке бірнеше рет хабарлап, процесті жеделдету үшін облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының қосымша қызметкерлерін тартуды ұсынды.
Жұмыс тобы Қостанай облысы әкімдігі, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығымен, сондай-ақ «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және фермерлермен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында СБМАЖ-де субсидиялау тетіктерін жақсарту бойынша фермерлердің ұсыныстары тыңдалды.
Бұдан басқа субсидиялауға келіп түскен өтінімдерді қарау процесін жеделдету үшін АШБ-на қосымша төрт маман тарту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бұл шешім тиісті төлемдерді іске асыру процесіне оң әсер етуі тиіс.
[xfvalue_img]