«Қостанайлық кәсіпкерлер "Qoldau" порталының жұмысына наразы»
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл депаратментіне жергілікті кәсіпкерлер облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының әрекетсіздігіне шағымданды.
Кәсіпкердің айтуынша, жергілікті ауылшаруашылық қожалығы «Qoldau» ақпараттық желісінде «ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға несие беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» бағдарламасы бойынша өтінімдерді тіркеу және қадағалау тәртібін түсіндірмеген.
Басқа жағдайда кәсіпкер 2022 жылы «Qoldau.kz» желісінде жасалған ауыл шаруашылығы техникасы лизингі шарты бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға өтінім берген. Алайда 2023 жылдың қаңтарынан бастап субсидиялау платформасы «GosAgro.kz» порталына көшіріліп, «Qoldau.kz» ескі жүйесінде берілген өтінімдерді қадағалау мүмкін емес.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы кәсіпкердің бірнеше рет жүгінгеніне қарамастан, өтінімнің жағдайы мен мәртебесі бойынша ешқандай түсініктеме бермеген.
Департамент өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнес субъектілері мен ауылшаруашылық қожалығы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді. Қорытындысы бойынша өтінімнің мәртебесі белгіленіп, кәсіпкерлер өтінімнің тіркелгені және қаралуда екендігі туралы хабардар етіліп, берілген өтінімдерді тіркеу және қадағалау тәртібі туралы түсініктемелер берілді.
ҚР СЖҚІА Қостанай облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]