СҚО-да полиция қызметкері суға батып бара жатқан адамды құтқарды
Бұл оқиға туралы кездейсоқ белгілі болды: Аққайың ауданы ЖПҚ бөлімшесінің учаскелік инспекторының көмекшісі Тимур Қалиев бұл жайтты жария еткісі келмеді. 3 маусым сенбі күні ол демалыста болған және бұл күні ол жұбайымен бірге Смирново ауданынан 5 км қашықтықта орналасқан шұңқырдың жанына демалуға келген. Бұл 45 жастағы жергілікті тұрғын үшін сәттілік болды, ол шомылуға бел буып, аяғын сіңір тартып қалғанда, бата бастаған. Жағалаудағы барлық адамдардың ішінен Тимур оны бірінші болып байқап, көмекке жүгірді.
"Мен 20 метр жүзіп өттім, содан соң оны жоғалтып алдым, - дейді Тимур. – Тереңге сүңги бастадым. Мен оны бастапқыда көрген жоқпын, содан кейін оның қолынан ұстап алдым. Жағалауда жүрегіне массаж жасадым".
Тимур Қалиев полицияда 20 жылдан астам, қазіргі лауазымында-өткен жылдан бері қызмет етіп келеді. Бала кезінен жақсы жүзеді және оның айтуынша, ол бұған дейін де судағы адамға көмектесіп үлгерген. Бұл жағдай ол 11-сыныпта оқып жүргенде орын алған.
Тимурдың өзі ауыз толтырып айтарлық ерлік жасады деп санамайды. Алайда, оның жұбайы Дәрия күйеуімен мақтан етеді:"Әркім өз өмірін қатерге тігіп, өзге адамды құтқаруға батылы жете бермейді".
Полицейлер адамдардан белгіленбеген жерлерде шомылмауды сұрайды. Ешбір жағдайда мұны мас күйінде жасауға болмайды. Өз күшіңізді асыра бағаламай, суда абай болыңыздар.
СҚО ПД баспасөз қызметі
https://polisia.kz/sqo-da-politsiya-qyzmetkeri-sugha-batyp-bara-zhatqan-adamdy-qutqardy/
[xfvalue_img]