Мемлекеттік қызметшілер Президенттік жастар кадр резерві мүшесімен кездесті
Президенттік жастар кадр резерві - бұл ең алдымен қоғам мүдделерін басшылыққа алатын жас таланттар тобы. Резервке алғашқы іріктеу 2019 жылы өтті, оның қорытындысы бойынша 300 резервші іріктелді. Солардың бірі - жақында Шортанды ауданы әкімінің орынбасары лауазымына резервтен тағайындалған Жазитов Тимур Айдарұлы.
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен Тимур Жазитовтың өңірдің мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Тимур Жазитов өзінің еңбек жолы, ПЖКР-не іріктеудің қалай өткендігі және оған неге қатысуға не себепті шешім қабылдағаны туралы айтып берді. Оның айтуынша, жоба жастарға жаңа тәсілдерді енгізуге, ең жақсы қабілеттерін көрсетуге, күштері мен білімдерін халықтың өмірін жақсартуға бағыттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, спикер өзі жетекшілік ететін салаларды одан әрі дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және халықтың мемлекеттік қызмет жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру жөніндегі өз жоспарларымен бөлісті.
Тимур Жазитов Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын, Алматы экономика және статистика академиясын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы қызметінен бастады. Содан кейін жергілікті және орталық атқарушы органдарда жауапты лауазымдарда жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Шортанды ауданының әлеуметтік саласына жетекшілік етеді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сындарлы диалог өтті.
[xfvalue_img]
7 пікір