СҚО полицейлері ірі көлемдегі алкогольдің заңсыз саудасын тоқтатты
Қызылжар ауданының Бескөл аудан орталығын тексеру кезінде учаскелік инспектор алкогольмен заңсыз сауда жасау фактісін анықтады. Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны өзінің автокөлігін жергілікті кафенің ауласындағы оңаша жерге қойып, салоннан тікелей жергілікті тұрғындарға және Петропавлдан келушілерге лицензиясы жоқ алкоголь салынған 5 литрлік бөтелкелерді сатқан. Бұл өнімді сатуға рұқсат құжаттары болмаған. Полицейлер "автосалоннан" құрамында 945 литр алкоголь бар сұйықтық бар 189 бөтелкені тәркіледі. Тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша материал жинады.
"Сатып алушылардың қолына сапасы ешкіммен тексерілмеген және кепілдендірілмеген өнімдер кеткенін атап өткен жөн, сол себепті ол тұтынушылардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін", — дейді аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Әлихан Байқадамов. — Алкогольді теріс пайдалану көбінесе қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына әкеледі, бұл заңсыз саудаға қарсы күресті заң бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі етеді".
СҚО ПД баспасөз қызметі
https://polisia.kz/sqo-politsejleri-iri-kolemdegi-alkogol-ding-zangsyz-saudasyn-toqtatty/
[xfvalue_img]
14 пікір