Тегін дәрі-дәрмектерді кімдер ала алатынын 1414 нөмірі арқылы білуге болады

Тегін дәрі-дәрмектерді кімдер ала алатынын 1414 нөмірі арқылы білуге болады

2023 жылдың 1 маусымынан бастап 1414 операторлары азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық көмек алу бойынша кеңес береді.

1414 Бірыңғай байланыс орталығы азаматтарға МӘМС-ке жататын қызметтер түрі, оның ішінде тегін стоматологиялық ем алу мәселелері, сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілетін қызметтер бойынша кеңес береді. Одан бөлек, қазақстандықтар медициналық ұйымға 1414 желісі арқылы шағымдана алады.

«Мемлекеттік корпорация әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп 1414 желісі арқылы қоңырауларды қабылдау бойынша дайындық іс-шараларын жүргізді. Енді біздің операторлар азаматтарға МӘМС мәселелері бойынша кеңес бере алады. Мемлекеттік корпорация ӘМСҚ call-орталығының функцияларын өзіне қабылдағаннан кейін, қызмет алушыларға ұсынылатын ақпараттың қолжетімділігін, сондай-ақ, кеңес беру сапасын арттыруға оң әсер етеді деп сенеміз», - деді, Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Бірыңғай байланыс орталығы 1 318 мемлекеттік қызмет (ішкі тармақшаларын қосқанда) бойынша кеңес көрсетеді. Операторлар азаматтарға eGov.kz порталы, eOtinish жүйесі және ХҚКО қызметтеріне қатысты мәлімет ұсынады. Одан бөлек, қазақстандықтар 1414 желісі арқылы ХҚКО-ларда қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдарды қалдырып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімдерді бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап Бірыңғай байланыс орталығының қызметтері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға берілді. ББО функциялары көшірілген сәттен бастап 51,6 млн-нан астам өтініш қабылданып, олар толық өңделді. Қызмет алушылардың қоңырау шалу пайызы 87%-дан бастап 98%-ға дейін өсті. Операторлардың жауабын күту уақыты 2 минуттан 15 секундқа дейін қысқарды. Айта кетейік, 1414 желісі бойынша кеңес алу тәулік бойы жүргізіледі. Ұялы және қалалық телефондар арқылы қоңыраулар шалу тегін.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.