5 қылмыс ашылып, мылтық тәркіленді – СҚО полицейлері «Мал ұрлаушы» іс-шарасын қорытындылады
15-18 мамыр аралығында солтүстікқазақстандық полицейлер «Мал ұрлаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеді. Мобильдік топтар құрылды, олардың құрамына криминалдық және әкімшілік полиция қызметкерлері, ветеринария басқармасының қызметкерлері кірді. 4 күн ішінде олар мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 411 автокөлікті тексерді. Ветеринария саласындағы 28 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ мал мен ет өнімдерін сату орындары, шаруа қожалықтары, елді мекендерден алыс орналасқан мал қамайтын орындар мен фермалар тексерілді.
«Бұдан бөлек іс-шара аясында бұрын жасалған 5 мал ұрлығы анықталды, оның 4-уі «өткен жылдар» санатында, - деп хабарлады СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев. – Сонымен қатар, 141 солтүстікқазақстандық еркін жайылым үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаңғыбас мал – мал ұрлаушылардың олжасына айналады, елді мекендердің сыртындағы жолдарда жануарлардың кенеттен пайда болуы жол апатына алып келуі мүмкін. Бұнымен күрес – полиция жұмысының тұрақты бағыттарының бірі».
Сонымен қатар іс-шара шеңберінде Аққайың ауданында 46 жастағы ауыл тұрғынының үйіне жапсарлас салынған қора-қопсыдан полицейлер 16 калибрлі «ИЖ-58» маркалы тіркелмеген мылтық тәркіледі. Сараптама тағайындалды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабына сәйкес ер адам 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін.
СҚО ПД баспасөз қызметі
https://polisia.kz/mal-urlaushy-zhpish-sqo-politsejleri-birneshe-qylmystyng-betin-ashty/
[xfvalue_img]