«Қостанайда кәсіпкерге мемлекетке жерді қайтаруға кедергі жасаған»
Қостанайда кәсіпкер кварцты барлау үшін пайдаланылған жерді мемлекеттік қорға қайтару бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаған. Осы мәселемен ол Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және жергілікті Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.
Аталған мәселе - мемлекеттік органдардың тиісінше өзара әрекеттесу, түсіндіру жұмыстарының сапасыздығы, сондай-ақ нормативтік олқылыққа байланысты туындаған, және де санитарлық-эпидемиялық органдарына белгіленген тәртіппен тиісті құзырет берілмеген.
Осыған байласнысты Санитарлық-эпидемиялық және Экология департаменттері ЖШС әзірлеген рекультивация жобасын зерттеуге қабылдамаған. Соның салдарынан аталған органдардың қорытындыларының болмауынан, учаскені қайтару жөніндегі комиссия құрылмаған.
Департамент пен жергілікті Кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша уәкілетті органдар бірлесіп рекультивациялау жобасын келісу тетігін әзірледі. Қазіргі уақытта аталған жоба зерттеу және қорытынды беру үшін қабылданды.
ҚР СЖҚІА Қостанай облысы бойынша Департаметі
[xfvalue_img]