"Қостанайда кәсіпкерлерге жерлерді жайылымдардан егістікке аударуға кедергілер жасалған"
Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жерді жайылымдардан егістікке ауыстырудағы жергілікті мемлекеттік органдармен жасалған кедергілер мәселесімен кәсіпкерлер жүгінді.
Ергілікті әкімдік құндылығы төмен ауыл шаруашылығы жерлерінен, яғни жайылымдардан, құндылығы неғұрлым жоғары егістіктерге ауыстыруға кедергі жасаған. Мұның себебі - жақын маңдағы су объектілерінің болуы. Бұл ретте бұрын уәкілетті мемлекеттік орган осы учаскеге жақын маңдағы су объектілерінің жоқтығы туралы қорытынды берген.
Кәсіпкерлер су айдындары учаскелерден едәуір қашықтықта орналасқан деп мәлімдейді, бұл фактілерді «МЖК» ақпараттық жүйесінің мәліметтері де растайды.
Нәтижесінде, Департаментпен бұл мәселе жан-жақты зерделеніп, шаралар қолданылған соң, кейін инспекциямен тиісті қорытындылар беріліп, әкімдік жерді ауыстыру туралы шешім қабылдады.
ҚР СЖҚІА Қостанай облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]