СҚО-да жыл басынан бері азаматтардың хабар-ошарсыз кету фактілері бойынша 128 өтініш тіркелді
21 сәуірде СҚО Тайынша ауданының полиция бөліміне Тайынша қаласының психикалық денсаулық орталығының аумағынан белгісіз бағытта 29 жастағы қамқордағы адамның кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Полицейлер іздестіру іс-шараларын бастады, оған әлеуметтік желілерде фото бағдарлауды таратқан еріктілер мен бей-жай қарамайтын азаматтар белсенді түрде қосылды (https://www.instagram.com/p/CrgI9d_NIF-/).
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 25-нен 26 сәуірге қараған түні жоғалған адамның орналасқан жерін Тайынша ауданы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция капитаны Дархан Сағидула Ақмола облысы Мариновка ауылында анықтады.
Тайынша қаласынан ер адам жолға шығып Астанаға кеткені белгілі болды. Сол жерден алыс туыстары оны Мариновкаға жіберген, сол жерден оны полиция қызметкері тапты.
26 сәуірде іздеудегі адам Тайынша қаласына аман-есен жеткізіліп, психикалық денсаулық орталығының басшылығына берілді. Полицейлер еріктілерге және ер адамды іздеуге қатысқан барлық бей-жай қарамайтын азаматтарға алғыс білдіреді.
СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының ақпараты бойынша, жыл басынан бері СҚО бойынша полицейлер хабар-ошарсыз кеткен 12 азаматтың орналасқан жерін анықтады, оның ішінде қазіргі уақытта 11 іздестірілуші анықталды, сондай-ақ өткен жылдары іздестіруге жарияланған 2 адамның орналасқан жері анықталды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]