Жоғалып кеткен асыл тұқымды жылқы табылды
Тараз қаласының тұрғыны жоғалған жылқысын тауып берген полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 сәуірде Тараз қаласының 50 жастағы тұрғыны асыл тұқымды жылқысы ұрланғаны туралы полицияға жүгінген болатын. Полиция қызметкерлері жедел түрде іздестіру іс-шараларына кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Ғани Медеубаев пен Бауыржан Түймебаев бірнеше сағат ішінде Байзақ ауданы аумағындағы Құмжота ауылының маңында жоғалған жылқыны тапты.
Іздестіру шараларын жүргізу барысында жылқыны ешкім ұрламағандығы анықталды, ол өз бетімен қора-жайдан шығып кеткен. Жылқы иесі полиция қызметкерлеріне кәсібилік және жеделділік танытқаны үшін шын жүрегінен алғыс айтып, олардың қажырлы еңбектеріне табыс тіледі.
Жамбыл облысының Полиция департаменті құқық бұзушылардың қылмыс жасауына мүмкіндік бермеу қажеттігін ескертеді. Қырағылық танытуды, өз меншігін қараусыз қалдырмауды, сақтық және қорғау шараларын күшейтіп, мал жоғалған жағдайда уақыт өткізбей бірден полицияға хабарлауды ескертеді.
[xfvalue_img]
25 пікір