Кәсіпкерге ауыз суды қосуға техникалық шарттарды ұсынбаған
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне кәсіпкер «МАЭК» ЖШС-нің ауыз суға қосылу үшін техникалық шарттармен қамтамасыз етпегені үшін шағымданды.
Департамент осы мәселе бойынша мүдделі тараптардың қатысуымен кездесу өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысымен «МАЭК» ЖШС мен кәсіпкер ауыз суға қажеттіліктің нақты мөлшерін есептеп шығарды.
Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерге ауыз суға қосылу үшін техникалық шарттар берілді.
Айта кетейік, егер сізге сыбайлас жемқорлық деректері туралы белгілі болса, 1424 номеріне хабарлай аласыз.
[xfvalue_img]
20 пікір