Бас прокуратурада қылмыстық процестегі жүйелі бұзушылықтар талқыланды
Бас Прокурордың бірінші орынбасары Т.Ғ.Тәшімбаевтың төрағалығымен қылмыстық процессте азаматтардың конституциялық құқықтарын және бостандықтарын сақталуы бойынша ведомствоаралық жедел кеңес өткізілді.
Кеңеске барлық құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары және бейнеконференцбайланыс арқылы тиісті жергілікті құрылым басшылары қатысты.
Өткен жылы соттармен шығарылған жеке қаулылардың саны 28,8% - ға төмендегені атап өтілді.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың басынан бері азаматтардың қадағалау органына жолдаған өтініштерінің 13% - ға өсуі көрсетілді.
Кеңесте қылмыстық қудалау органдарына жеткізу, тінту, елімізден тыс жерге шығуға шектеулер және бұқаралық ақпарат көздерінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы мәліметтерді көрсетулер кезіндегі жиі жіберлетін бұзушылықтар егжей-тегжейлі талқыланды.
Шара соңында бірқатар шешімдер қабылданды, оның ішінде қылмыстық процесте азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын және бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге бастама алу мәселесі қаралды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
[xfvalue_img]