СҚО полицейлері бұзақыны тәртіпке шақырған 27 жастағы Петропавлды марапаттады
(видео: https://youtube.com/shorts/qruK6NO5NMA?feature=share)
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті қоғамдық орында бұзақылық жасаған ер адамды тыныштандыру үшін шара қабылдаған 27 жастағы Дархан Баяхметовтың батылдығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір күні кешке Петропавлда 5 "М" маршруттық автобустың жолаушысы қажетті аялдаманы жіберіп алып, жол ақысын төлемей, орталық есіктен шығуға талпынған. Қизатов көшесінде автобус тоқтаған кезде ер адам автобус жүргізушісімен және басқа жолаушымен қақтығысқа түсті. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 67 жастағы азаматты ұстады. Нәтижесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу жүріп жатыр.
Полиция департаментінің басшылығы әлеуметтік желілерде "тарап кеткен" видеоға түскен жас жігіттің батылдығын атап өту туралы шешім қабылдады. Онда жас жігіттің агрессивті жолаушыны тәртіпке шақыруға тырысқаны, сонымен бірге ашуға ұшырағандығы анық көрінеді. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев Дархан Баяхметовке алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті. Қанат Айтбаев Дарханның нағыз ер адам ретінде әрекет еткендігін; қалыпты емес жағдайда батылдық пен әдептілік танытқандығын атап өтті.
Айта кетерлік жайт, Дархан футболды жақсы көреді, білікті журналист; қазіргі уақытта Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада кітапханашы болып жұмыс істейді.
Юрий Клыков
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]