Өтеген Сейітовті еске алуға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Бүгін құқық қорғау органдары академиясының бастамасымен «Ғылым қызметкерлері күні» қарсаңында прокурорлық және заң қоғамы атап өтетін Өтеген Сейітовтың 100 жылдық мерейтойына орай «Қазіргі заң ғылымын дамыту: теория және практика» атты VІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Өтеген Сейітұлы қырық жыл бойы прокуратурада қызмет етті, оның он сегіз жылында республиканың қадағалау органының тұрақты бірінші басшысы болды.
Форум жұмысына Әзербайжан, Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген ғалымдар мен практиктер, ғылыми және заң қоғамдастығының өкілдері, жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары қатысты.
Жоғары оқу орнының ректоры Марат Сексембаев өзінің құттықтау сөзінде: «Өтеген Сейітов өмір бойы құқық пен заңға құрмет, прокурорлық кәсіптің адамгершілік стандарттарын мүлтіксіз сақтау мәселелерін бірінші орынға қойды. Әділ құқықтық мемлекет құра отырып, біз Өтеген Сейітұлы сияқты адамдардың тәжірибесіне сүйенеміз» деп атап көрсетті.
Сондай-ақ спикер ғылымның ел дамуындағы рөлін атап өтті: «Ғылым – бұл мемлекет өркендеуінің өзгермейтін құрамдас бөлігі, ел болашағының кепілі... Ол заң шығару процестерін жақсартуға, құқықтық нормаларды іске асыруға, оларды қолданудың тиімділігін арттыруға ықпал етуге арналған».
Форумға қатысушыларды қонақтар – ведомстволық білім беру мекемелерінің басшылары – Академияның серіктестері - Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының бастығы Сергей Синенко, Әзірбайжан Республикасы Бас прокуратурасының ғылыми-оқу орталығының бастығы Мубариз Ахмедов, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы Лут Альчекенов, Қазақстан Прокурорлар қауымдастығының төрағасы Ерғали Мерзадинов, Өзбекстан Республикасы Құқық қорғау академиясы бастығының орынбасары Уйгун Нигмаджанов, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің өкілі Серік Алғалиев және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Еламан Айбульдинов қарсы алды.
Конференцияның күн тәртібі құқықтық ғылымды дамытудың, құқық қорғау қызметін жетілдірудің негізгі проблемаларына, прокурорлық қадағалаудың, қазіргі заманғы азаматтық, әкімшілік құқықтың, қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасының, құқық қорғау органдарының қылмыстық іс жүргізу және криминалистикалық қызметінің өзекті мәселелеріне арналған. Құқықтық лингвистиканың, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың маңызды аспектілері, сондай-ақ құқық қорғау қызметінің халықаралық-құқықтық стандарттары қарастырылды.
Конференция қорытындысы бойынша ұлттық құқықты, құқық қорғау және сот жүйелерін одан әрі жетілдіруге, мемлекеттік қызметтің құқықтық негіздерін дамытуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]