8 ғылыми зерттеулердің қорытындыларын талқылау
Құқық қорғау саласындағы 8 ғылыми зерттеулердің қорытындылары 4 қарашада көрнекті мемлекет қайраткері Өтеген Сейітовті еске алуға арналған «Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында талқыланады.
Іс-шараны ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы.
Конференция жұмысына ғылыми қоғамдастық, Парламент депутаттары, ЕҚЫҰ, Президент Әкімшілігі, Жоғарғы Сот, мемлекеттік органдар өкілдері, сондай-ақ Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Вьетнам, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Украина және т.б. шетелдік сарапшылар қатысады деп жоспарлануда.
Қарастырылып отырған ғылыми зерттеулердің ішінде:
1) Қылмыстық процестің жалпы құқықтық принциптері және оларды құқық қолдану қызметінде іске асыру;
2) Қазақстандағы қаржылық тергеу институтының теориялық аспектілері;
3) Жеке сот орындаушылары институтының проблемалары мен перспективалары;
4) Қазақстан мен ТМД елдеріндегі прокурордың құқықтық мәртебесі: салыстырмалы-құқықтық талдау;
5) Қылмыскердің жеке басы: криминологиялық зерттеу;
6) Жергілікті полиция қызметінің жасөспірімдер қылмысының профилактикасы жөніндегі қызметі: құқықтық регламенттеу және құқық қолдану мәселелері;
7) Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделі. Теория және практика;
8) Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдардың әлеуметтік реинтеграциясының ұйымдық-құқықтық аспектілері.
Зерттеулер ғылым мен практиканың өзара байланысын қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған.
Іс-шараны жариялау үшін БАҚ өкілдерін шақырамыз. Аккредиттелген журналистерден пленарлық отырыс өтетін жерге (Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, Астана қ., Сәтпаев к-сі, 2, №206 ауд.) сағат 10:30-да келулеріңізді сұраймыз.
Аккредиттеу үшін байланыстар: +7 775 651 8028, e-mail: 7171229@prokuror.kz.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдарының академиясы
[xfvalue_img]