Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына түсуге үміткерлер үшін ақпарат
Білім беру бағдарламалары:
- «Құқықтану»;
- «Құқық қорғау қызметі».
Магистратура бағыттары:
- Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратура (2 жыл оқыту);
- Бейіндік бағыттағы магистратура (1 жыл оқыту).
Докторантура бағыттары:
- Ғылыми және педагогикалық бағыттағы PhD докторантура (3 жыл оқыту);
- Бейіндік бағыттағы докторантура (3 жыл оқыту).
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін қызметкер;
- магистратураға - жоғары білім, PhD докторантура - жоғары оқу орнынан кейінгі білім (бейінді бағыттағы магистратураны бітірген үміткерлер үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларды игергені туралы қосымша куәлік); бейіндік бағыттағы докторантура - жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білім.
- өтіл бойынша:
- ғылыми-педагогикалық бағыттағы бойынша магистратураға - құқық қорғау органдарында кемінде 1 жыл
практикалық жұмыс өтілі;
- бейіндік бағыттағы магистратураға - құқық қорғау органдарында кемінде 2 жыл практикалық жұмыс өтілі;
- докторантураға түсу үшін - құқық қорғау қызметінің өтілі 5 жылдан кем емес.
Магистратураға түсу үшін құжаттардың тізбесі:
- Академия ректорының атына баянат;
- жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жоғары білімі туралы құжаттың және оның қосымшасының көшірмесі
- шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесі (болған жағдайда);
- ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (болған жағдайда);
- ғылыми конференциялар мен байқауларға қатысқаны үшін грамоталар немесе дипломдар ( болған жағдайда);
- 3х4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
- 075-У нысанындағы электрондық форматтағы медициналық анықтама;
- шет тілі бойынша тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртектің түпнұсқасы.
Докторантурағы түсу үшін құжаттардың тізбесі:
- магистратураға түсу үшін құжаттар тізбесінің 1– 9 тармақтарында көрсетілген құжаттар;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттың және оның қосымшасының көшірмесі;
- педагогикалық бейінді білім беру бағдарламаларын меңгеру туралы негізгі дипломға куәліктің көшірмесі (бейінді бағыттағы магистратураны бітірген PhD докторантуруға үміткер үшін).
Оқуға түсу кезеңдері:
Құжаттарды қабылдау – 1 сәуір - 25 шілде аралығында.
Түсу емтихандары – 10 - 20 тамыз аралығында.
Емтихандар:
1.Шетел тілі бойынша (таңдау бойынша: ағылшын, неміс, француз)
- мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын аяқтаған;
- шет тілін меңгеруді растайтын мынадай халықаралық сертификаттары бар үміткерлер.
Ағылшын тілі:
магистратуруға: TOEFL IBT кемінде 60 балл // TOEFL PBT кемінде 498 балл // IELTS Academic кемінде 6,0;
докторантураға: TOEFL ITP кемінде 460 балл // TOEFL IBT кемінде 46 балл // TOEFL PBT кемінде 453 балл // IELTS Academic кемінде 5,5.
Неміс тілі:
магистратуруға: DSH (Niveau С1/С1 деңгейі) // TestDaF-Prufung (Niveau С1/С1 деңгейі)
докторантураға: DSH (Niveau В2/ В2 деңгейі) // TestDaF-Prufung (Niveau В2/ В2 деңгейі)
Француз тілі:
магистратуруға: TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес // DELF – B2 деңгейі // DALF –C1 деңгейі // TCF – кемінде 50 балл;
магистратуруға: TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B2 деңгейден төмен емес // DELF – B2 деңгейі // DALF –В2 деңгейі // TCF – кемінде 50 балл.
- Мамандық бойынша емтихан:
Өткізу нысанын, сондай-ақ білім беру бағдарламалары бойынша пәндер тізбесін Академия анықтайды.
Координаттар:
Егжей-тегжейлі ақпарат Академияның www.academy-gp.kz сайтында және инстаграмның academy_gp.kz парақшасында білуге болады.
Шет тілінен емтихан тапсыруға онлайн режиде өтініш беру және сынама тестілеуден өту бойынша ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында: www.testcenter.kz, app.testcenter.kz
Қабылдау комиссиясының мекенжайы:
Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі 94, индекс 010078
Байланыс телефондары: 8-771-162-49-23; 8-701-177-48-38
[xfvalue_img]
30 пікір