Хабарлама
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы магистратура мен докторантураға оқуға түсу үшін 2023 жылғы 1 сәуір – 25 шілде аралығында құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құжаттар қабылдайтыны туралы жариялайды.
Оқыту жүргізілетін білім беру бағдарламалары:
- «Құқықтану»: магистратура (ғылыми-педагогикалық) және докторантура (ғылыми-педагогикалық);
- «Құқық қорғау қызметі»: магистратура (ғылыми-педагогикалық, бейіндік), докторантура (ғылыми-педагогикалық, бейіндік).
Оқыту мемлекет есебінен жүргізіледі. Бұл ретте, білім алушы соңғы лауазым бойынша жалақының 70%-нан және сыныптық шеңі мен арнайы атағы үшін қосымша ақыдан тұратын стипендия алады.
Құжаттарды қабылдау сканерленген нұсқада «Қадағалау», «ЭҚАБЖ» АЖ арқылы жүзеге асырылады.
Қабылдау емтихандарын өткізу мерзімі: ағымдағы жылғы 10-20 тамыз аралығында.
Академия ректорының қабылдау туралы бұйрығы ағымдағы жылғы 25 тамызға дейін.
Қабылдау ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап.
Оқуға түсуге үміткерлерге қойылатын талаптар мен құжаттар тізімімен Академияның www.academy-gp.kz сайтында және инстаграмның academy_gp.kz парақшасында танысуға болады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы
[xfvalue_img]