"ҚОСТАНАЙДА ЖЕРГІЛІКТІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНА БҰРЫН БӨЛІНГЕН ЖАЙЫЛЫМДАРДА МАЛ ТАРАТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН"
Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шаруа қожалығы иесі жергілікті әкімдікпен жайлымдарды бөлу кезіндегі кедергілер мәселесі бойынша жүгінді.
2017 жылы әкімдік бизнесті қолдау аясында жергілікті шаруаға 40 гектар жер телімін берген, осыған байланысты тараптар меморандумға қол қойды. Алайда, екі жылдан кейін, қадағалау органдары тексергеннен кейін, меморандумдар заңсыз деп танылып, жайылымдарды тек бір шаруашылықпен пайдалануға тыйым салынған.
Осы кезеңде кәсіпкер бөлінген жерге бақташы үйін, қоршаулар орнатып, мал санын іс жүзінде 2 есеге кеңейткен, яғни осы кезеңде жайылымдардан айрылу шаруашылық үшін банкроттыққа теңескен, өйткені 500 басқа жуық малға қымбат жем-шөп сатып алу қажет болған.
Департаменттің аралсуымен облыс әкімдігімен бірлесіп тараптар кездесуі өткізілді. Кездесудің нәтижесі бойынша жер учаскесін пайдалану мерзімін бір жылға ұзартылып, кейіннен заңды пайдалануға ресімдеу туралы шешім қабылданды.
ҚР СЖҚІҚА Қостанай облысы бойынша департаменті
[xfvalue_img]
78 пікір