Алимент төлемейтін 9 адамды СҚО полицейлері 3 күнде іздеп тапты
Алимент төлемейтіндер мен айыппұлдар бойынша борышкерлер кезекті рет Солтүстік Қазақстан полицейлерінің ерекше назарында. Оларды іздестіру бойынша акцияны облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері өткізді. Тайынша ауданының шалғай ауылдарының бірінде 3 жасар қызын асырауға алимент төлеуді тоқтатқан 27 жастағы солтүстікқазақстандықтың тұрғылықты жері анықталды. 27-29 наурыз аралығында аумақтық полиция бөлімшелерінің күштерін тарта отырып өткізілген акцияның 3 күнінде 9 алимент төлемейтін және 6 борышкер анықталды.
"Іздестіру шаралары тұрақты негізде жүргізіледі, — деп хабарлайды СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов. — Қазіргі уақытта көші-қон қызметі бөлімшелерінің өндірісінде борышкерлер мен алимент төлемейтіндерге, сондай-ақ туыстық байланысын жоғалтқан адамдарға қатысты 60 іздестіру ісі бар. Оның 45-і елден тыс жерде, олар мемлекетаралық іздеуде деп жарияланды. Бұл бағыттағы жұмыс облыстық полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында".
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
20 пікір