Ақтөбеде мемлекеттік сатып алуды қолданыста жоқ мотор майымен өткізген
Ақтөбеде жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша Тапсырыс беруші техникалық ерекшелікте жоқ мотор майының маркасын көрсеткен. Бұл туралы кәсіпкер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлады. Осыған байланысты, бірде-бір кәсіпкердің жарияланған конкурсқа қатысуға мүмкіндігі болмаған.
Кәсіпкердің техникалық сипаттамаларда дұрыс мәліметтер көрсету жөніндегі бірнеше рет ауызша өтініштері назардан тыс қалдырылған.
Аталған өтініш негізінде Департамент мониторинг жүргізді. Нәтижелер тиісті шараларды қабылдау үшін ІМАД-не бағытталды. Жарияланған конкурс тоқтатылды.
[xfvalue_img]